
Синоптиктер 12 мамырда Алматы, Астана және Шымкентте қандай ауа райы болатынын айтты. Алматыда күндіз +18 градусқа дейін жылып, түнде +11 градусқа дейін төмендейді, жел жылдамдығы 2,9 м/с болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Астанада аз бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз ауа +16 градусқа дейін жылыса, түнде +1 градусқа дейін суытады. Жел жылдамдығы 8,1 м/с болады.
Шымкентте ашық аспан күтіледі. Күндіз термометр бағанасы +22 градусқа дейін көтеріліп, түнде +13 градусқа дейін төмендейді. Жел жылдамдығы 8,8 м/с болады.
Бұған дейін Алматыда соңғы бірнеше күнде айлық норманың жартысына жуық жауын-шашын түскені хабарланған. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Дереккөз: Nur.kz