...
... Алматы
USD
EUR
RUB

1 маусымда Алматы балалық шақ, технология және болашақ қаласына айналады

1 маусымда Алматыда балаларды қорғау күніне орай «БАЛАFEST – 2026» атты ауқымды қалалық фестиваль өтеді. Бұл шарада әр бала нағыз интерактивті оқиғаға қатысушы болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Әр қатысушыға Bala QR — фестивальдің жеке маршруттық паспорты беріледі. Балалар тақырыптық станциялардан өтіп, тапсырмалар орындап, Bala Coins жинап, ғылым, шығармашылық, спорт, AI және заманауи технологиялар әлемін ашады.

Фестиваль бағдарламасында: робототехника, ғылыми эксперименттер, digital-art, киберспорт, шеберлік сабақтары, спорттық іс-шаралар, сыйлықтар, фотозоналар және үлкен концерттік бағдарлама бар.

Бас сахнаның басты музыкалық хедлайнері — «Альфа» тобы.

Іс-шара 1 маусымда сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова атындағы Мемориалдық саябақта (Төле би / Абылай хан көшелері) өтеді.

Дереккөз: Almaty.tv