
Алматыда қымбат автокөліктің өртеніп жатқан сәті видеоға түсіп қалды. Кадрларда Mercedes-Benz G-Class (Gelandewagen) толық жалынға оранғаны көрінеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 18:02-де жіберілген. Жедел әрекеттің арқасында өрт сағат 18:10-да локализацияланған.
Бұған дейін Маңғыстау облысында автокөлік өртенгені хабарланған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz