...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні: Абай алаңындағы мереке 40-тан астам іс-шарамен өтті

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аясында қала бойынша 40-қа жуық іс-шара өткізілді, ал басты той Абай алаңында ұйымдастырылды. Жүздеген қала тұрғыны жиналған алаңда ән шырқалып, эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Мерекелік шараға қала әкімі Дархан Сатыбалды қатысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Абай алаңындағы бағдарлама жарқын прологпен басталып, көрерменге нейрожелі көмегімен жасалған видеошоу мен музыкалық қойылым ұсынылды. Сахнаға қазақстандық және шетелдік әртістер шықты. Этноауылдар мен көрме шатырлары ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады, онда әртүрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері қонақтарды дәстүрлерімен және ұлттық тағамдарымен таныстырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мережеге мыңдаған қонақ келген.

«Көп адамды көріп тұрсыздар, мереке, қуаныш, көңілділік. Адамдар билейді, сахнада көптеген жақсы шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді. Бәрі тамаша», — деді Қазақстан орыс мәдени орталығының төрағасы Всеволод Лукашев.

Ұлттық тағамдар ұсынылған гастрономиялық жәрмеңке ерекше қызығушылық тудырды. Қонақтар тәттілердің дәмін татып, концертті тамашалап, әртүрлі этностардың мәдениетімен жақынырақ танысты. Көпшілік отбасымен келіп, демалып қана қоймай, ортақ мереке атмосферасын сезінді. Шетелдік қонақтар да аз болмады.

«Мереке керемет, тамаша өтіп жатыр. Көңіл-күй керемет, тамаша. Халықтардың бірлігі. Мұнда қаншама мәдениет, қаншама этнос, қаншама қонақ бар екенін көріп тұрсыздар. Бәрі бірге, бәрі дос. Бәрі тамаша! Бәріне жақсы! Ауа-райы да бүгін керемет», — деді қала тұрғыны.

«Бәрі өте әдемі. Көптеген ұлт өкілдері бар. Бәрі өзінше әдемі. Өте әдемі! Классно!» — деп қосты тағы бір қонақ.

«Өте классно! Шынында, мен өзім де медиа сахнаданмын. Біздің эстрада деңгейі әлдеқайда өсті. Қазір барлық әншілердің подтанцовкалары бар, өте әдемі костюмдері бар. Концерттің өзінің әдемі визуалы бар. Біз басынан бастап келіп, көріп отырмыз. Өте қызықты», — деді тағы бір көрермен.

Достық фестивалі «Бірлігі жарасқан Алматы» деген атпен өтті. Күні бойы алматылықтар үшін сахнада шығармашылық ұжымдар, би ансамбльдері және эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Кеш Dostyk Fest мерекелік бағдарламасымен аяқталды.

Дереккөз: Almaty.tv