...
... Алматы
USD
EUR
RUB

12 команда, 200 хоккейші: Алматыда Almaty Nova Cup 2026 өтті

Алматыдағы «Халық Арена» алаңында тұңғыш рет халықаралық балалар хоккей турнирі Almaty Nova Cup 2026 өтті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық Спорт басқармасының мәліметінше, 1-3 мамыр аралығында өткен жарысқа Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қытай және Қырғызстаннан 12 команда қатысты. Мұз айдынына 2016 жылы туған 200-ден астам спортшы шықты. Ойындарды 30 мыңнан астам көрермен тамашалады.

Турнир жеңімпазы — Екатеринбургтің Д13 командасы. Күміс жүлдені мәскеулік «Авангард», қоланы Қытайдың Panthers командасы алды.

4-12 орындар мынадай: «Барыс» (Астана), «Динамо» (Алматы), «Медведи» (Алматы), «Юность» (Қарағанды), «Стрижи» (Қырғызстан), «Рахымжан» (Алматы), «Алатау» (Алматы), «Школа Салея» (Минск), «Алга» (Қырғызстан).

Үздік ойыншылар анықталды:

  • Үздік бомбардир — Савва Гловацкий (Д13, Екатеринбург);
  • Үздік мерген — Zhang Ande (Panthers, Қытай);
  • Үздік қорғаушы — Ильяс Исабек («Барыс», Қазақстан);
  • Үздік қақпашы — Yang Caspar (Panthers, Қытай).

Ең әдемі гол үшін жүлдені Егор Панюшин («Авангард», Мәскеу), көрермен көзайымы сыйлығын Никита Рудков (Д13, Екатеринбург) алды.

Турнир серіктестерінің қосымша жүлделері Иван Макатовқа («Школа Салея»), Альбина Койшыбайға («Алатау») және Георгий Рожковқа («Авангард») табысталды.

Almaty Nova Cup тұрақты негізде өткізілмек. Турнир балалар хоккейін дамытуға және қазақстандық спортшылардың халықаралық жарыстарға қатысуына мүмкіндік туғызуға бағытталған.

Дереккөз: Almaty.tv