...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда нөсер мен найзағайға байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілді

Алматыда күтілетін жаңбыр мен найзағайға байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшірілді. Бұл туралы қалалық Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 23 сәуірде сағат 15:00-ден бастап жауын-шашын күтіледі, сағат 17:00-ден кейін кей жерлерде қатты жаңбыр мен желдің екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

24 сәуірде де жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр мен найзағай күтіледі. 25 сәуірде айнымалы бұлттылық пен қысқа мерзімді жауын-шашын болжанады.

Ықтимал су басулардың алдын алу және оларды жедел жою үшін қалалық қызметтер тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды. Жұмысқа жұмылдырылғандар:

  • 104 бірлік арнайы техника;
  • 74 мотопомпа;
  • 12 ассенизаторлық машина, оның бір бөлігі ықтимал су басу аймақтарына орналастырылған;
  • 75 жедел бригада (425 жол жұмысшысы);
  • 2300 құм салынған қап дайындалды.

Қосымша Алматы қалалық Құтқару қызметі мен ТЖД бөлімшелері кезекшілік атқарады. Қала бойынша тәуліктік жол жұмысшыларының саны 2700-ден астам, ал техника саны 1200 бірліктен асады.

Жұмыс тәулік бойы ұйымдастырылған. Барлық қызметтер ауа райының өзгеруіне жедел ден қоюға және қаланың қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз етуге дайын, — делінген басқарма хабарламасында.

Дереккөз: Almaty.tv