...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Денсаулық сақтау министрлігі Алматыда балаларды емханаға жатқызу ережесін түсіндірді

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Роза Қожанова Алматыдағы балаларды жоспарлы госпитализациялау талаптарын нақтылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Роза Қожанованың айтуынша, екпе алмаған балаларды жоспарлы госпитализациялауға шектеу бүкіл елде қолданылады. Алматы бойынша бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысында бұл тармақ қате жазылған: онда тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар балалар туралы нақтылау болмаған.

«Біз бұл жағдайды қарастырдық. Республиканың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, екпе алмаған балаларды жоспарлы госпитализациялауға шектеу қойылған, бірақ тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар балаларға бұл шектеу қолданылмайды. Алматы қаласының санитарлық дәрігерінің қаулысында бұл тармақ қате жазылған: шектеу екпе алмаған балаларға қатысты, бірақ тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар балалар туралы нақтылау болмаған», — деді ол.

Қожанова бүгін Алматы қаласының санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілгенін және оның республика бойынша қолданылатын қаулыға сәйкес келетінін айтты. Бұған дейін Астанада прокуратура араласқаннан кейін бас санитарлық дәрігердің қызылшамен ауыратын балаларды жоспарлы госпитализациялау туралы қаулысына өзгерістер енгізілген еді.

Дереккөз: Nur.kz