Алматының Жетісу ауданында 2026 жылы коммуналдық инфрақұрылымды жаңарту бойынша сегіз жоба іске асырылады. Жұмыс барысында 8 шақырымнан астам инженерлік желіні жаңарту жоспарланған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Әкімдіктің мәліметінше, жобалар 7 шақырымнан астам су құбыры және шамамен 1 шақырым кәріз желілерін ауыстыруды көздейді. Сонымен қатар, ауданда 2-ші Гончар көшесінде жылу желілерін қайта жаңарту басталды. Жаңартылатын учаскенің ұзындығы 340 метрді құрайды. Бүгінгі күні мұнда уақытша желілер төселген, жұмыстарды үш ай ішінде аяқтау жоспарланған.
Параллельді түрде кернеуі 6-10 кВ кабельдік электр желілерін жаңғырту жүргізілуде. Жұмыстардың негізгі көлемін ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау көзделген.
Дереккөз: Inalmaty.kz