...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Үкімет Алматының бас жоспарын жаңа редакцияда бекітті: қандай өзгерістер бар

Үкімет Алматы қаласының бас жоспарын жаңа редакцияда бекітті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бас жоспар Алматы мен Алматы агломерациясының өзара байланысын ескере отырып әзірленген. Құжатта қалалық инфрақұрылымды дамытудың перспективалық және бірінші кезектегі бағдарламаларын әзірлеуге негіз болатыны, табиғи кешен аумақтарын сақтау және дамыту, тұрғын үйлерді реконструкциялау және өндірістік аумақтарды қайта ұйымдастыру, қоғамдық, іскерлік және мәдени орталықтарды, туризм және демалыс нысандарын дамыту, қала ортасын кешенді абаттандыру және эстетикалық ұйымдастыру, әкімшілік аудандар мен Алматының басқа да аумақтық бірліктерінің аумақтарын дамытудың қала құрылысы жоспарларын, қаланы жоспарлау және құрылыс салу жобаларын әзірлеу және іске асыру үшін негіз болатыны айтылған.

Бас жоспарда қала экономикасының мынадай басым бағыттары айқындалған. Құжаттың маңызды бағыттарының бірі – қала құрылысын дамыту. Алматы қаласын дамытудың бас жоспарының қала құрылысы тұжырымдамасында су қорғау белдеулері мен аймақтарында құрылыс салуды қатаң реттеу, тау бөктерлеріндегі аумақтарға құрылыс салуға тыйым салуды сақтау қарастырылған. Бұл табиғи ландшафт компоненттерін қалпына келтіруге, тау-аңғарлық бриз ағындарының циркуляциясын қамтамасыз етуге және қала ортасының қолайлы микроклиматтық жағдайларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Сондай-ақ қаланың барлық су артериялары бойынша тұрақты су ағынын ұйымдастыру, оның ішінде қала кеңістігін кешенді абаттандыру, бар жасыл алқаптарды (Баум рощасы, зираттар аумақтары, санитарлық-қорғау аймақтары және басқа да көгалдандырылатын аумақтар) абаттандыру есебінен жасыл екпелердің ауданын ұлғайту және жалпы пайдаланымдағы жасыл екпелер үшін жаңа алаңдарды жоспарлау қарастырылған.

Қаланың тұрақты қала құрылысы дамуының критерийлері мен негізгі бағыттары мынадай міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Аталған іс-шараларды іске асыру қаланың экономикалық өсуін, жинақталған әлеуметтік мәселелерді шешуді, кеңістіктік жоспарлаудың өзара үйлестірілген процестерін енгізуді және жаңа қала құрылысы құралдары мен тәсілдерін енгізу арқылы нақты жобаларды іске асыруды қамтамасыз етеді.

Әлемдегі осындай табысты құралдардың бірі – аумақты дамытудың полицентрлік моделі. Ол қала ортасын сапалы толықтыруға, тұрғын, әлеуметтік, қоғамдық-іскерлік, өнеркәсіптік және басқа да ғимараттар мен құрылыстардың тепе-теңдігін сақтауға, жер және басқа да ресурстарды ұтымды пайдалануға, сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту құралдары арқылы оза даму қағидаттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Полицентрлік модель – экономикалық өсуді қамтамасыз ету, әлеуметтік мәселелерді шешу және теңгерімді кеңістіктік жоспарлау үшін құрал. Модель тұрғын үй, жұмыс орындары, инфрақұрылым, қолжетімді көлік және коммуналдық қызметтер тепе-теңдігі бар сапалы қала ортасын құруға негізделген.

Полицентрлердің экономикалық мамандануы: солтүстік (Жетісу және Түрксіб ауданының бір бөлігі). Мұнда старт басымдығы – жоғары синергетикалық әсерге байланысты өзгерістер осы жерден басталады. Көлік: даму Алматы-1 теміржол станциясына байланысты. Алматы-2-ге дейін екінші жолдарды салу және көлік-алмасу торабын (КАТ) салу жоспарлануда. Ортаны жаңарту: өндірістер мен базарларды көшіру. Өнеркәсіп аймақтары мен ескірген қордың орнында жаңа типтегі кварталдық құрылыс пайда болады (тығыз көше торы, скверлер, бірінші қабаттарда коммерциялық нысандар). Құрылыс: бос аумақтарды прогрессивті қағидаттар бойынша игеру. Инженерлік желілер үшін жерасты өтпелі жөндеу тоннельдерін енгізу. Көлік: мультимодальды КАТ (жедел трамвай станциясы, «Восточный» автовокзалы, BRT желісі, қала маңы көлігі) құру. Бизнес және рекреация: «Жетісу» базарын жаңғырту, «Апорт» сауда-ойын-сауық орталығын және «Астана Моторс» автосалонын кеңейту.