Алматыда биометриялық бейнеаналитика функциясы бар ақылды AR-көзілдірік Шымкент полициясының бастамасымен іздеуде жүрген ер адамды анықтауға көмектесті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Құрылғы іздеудегі тұлғаларды табу үшін сынақтан өткізілді. Ақылды көзілдірік адамның бет-әлпетін биометриялық бейнеаналитика арқылы танып, оны іздеу тізімімен салыстырады.
Сынақ барысында көзілдірік Шымкент полициясының бастамасымен іздеуде жүрген ер адамды анықтады.
