...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда өрт сөндіру көлігі қатысқан жол апаты: полиция қылмыстық іс қозғады

Алматыда өрт сөндіру автокөлігі қатысқан, адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, апат түнгі сағат 00:40 шамасында болған. Оқиға Әуезов пен Тимирязев көшелерінің қиылысында тіркелді.

Өрт сөндіру көлігі Toyota Camry маркалы жеңіл автомобильді бірнеше метрге соғып кеткен. Жеңіл көліктен металл үйіндісі ғана қалды.

Алматы қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасы адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта болған жайдың барлық мән-жайы мен себептерін анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Ехал на вызов с проблесковыми маячками

Өрт сөндіру көлігі шақыруға арнайы жарық белгілерімен (проблескілі маяктармен) барған.