...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Түні бойы іздеген: Алматы маңындағы тауда адасқан туристка құтқарылды

Алматы облысы Қарасай ауданындағы Кешкі тау маңында адасып қалған қыз түні бойы іздестіріліп, аман-есен табылды. Қараңғыда жолдан адасқан ол өздігінен қауіпсіз түсу жолын таба алмай, түн ортасында көмек сұраған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Іздеу жұмыстарына ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару қызметінің мамандары шықты. Алғашқы берілген координаттар бойынша туристканы табу мүмкін болмай, кейін онымен байланыс үзілген.

Құтқарушылар іздеуді шатқал бағытында жалғастырып, нәтижесінде қызды тапты. Олар оны таулы жермен бірге жүріп өтіп, қауіпсіз аймаққа алып шықты.

Туристкаға медициналық көмек қажет болмады.

Бұған дейін үш қыз биіктігі 4317 метр болатын Сатпаев шыңынан түсу кезінде тауда адасып қалған еді. Қараңғы түскендіктен олар жолды өздігінен жалғастыра алмаған.