...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

ТЭЦ-3 жыл соңына дейін тапсырылмаса, жеке жауапкершілік жүктеледі — Бектенов

Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыдағы ТЭЦ-3 жаңғырту қарқынын сынға алып, тиісті ведомстволар басшылығын жұмыстар уақтылы аяқталмаған жағдайда жауапкершілікке тартылатынын ескертті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Үкімет отырысында Премьер-министр Энергетика министрлігі мен «Самұрық-Қазына» қоры басшылығының Алматы электр станцияларын, сондай-ақ Түркістан облысындағы бу-газ қондырғысын уақтылы іске қосу үшін жеке жауапкершілігін еске салды.

«Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовқа сөйлеген Бектенов ТЭЦ-3 жағдайы әлі де қанағаттанарлықсыз екенін айтты.

— Өткен аптада энергетика министрі Алматыға барып, ТЭЦ-2 және ТЭЦ-3-ті тексерді. ТЭЦ-3 бойынша жағдай қанағаттанарлықсыз. Жұмыс қарқыны өте төмен. Егер жыл соңына дейін бітірмесеңіз, сіздің жеке жауапкершілігіңіз туралы мәселе қаралады. Күнделікті бақылауға алыңыз. Бұл жағдайды тоқтату керек, — деді Премьер-министр.

Бұған дейін хабарланғандай, ТЭЦ-3-тің жалпы дайындық деңгейі шамамен 26% құрайды.

Дереккөз: Inform.kz