Алматыда 20 жастағы жүргізуші нөмірсіз көлік жүргізіп, жылдамдықты асырған видеосы үшін жазаланды. Ол тіркеу нөмірін салонда қалдырып, арнайы дыбыстық құрылғыны заңсыз орнатқан.
Медеу ауданы прокуратурасы 27 сәуір 2026 жылы хабарлағандай, 26 сәуірде сағат 00:40 шамасында Шығыс айналма жолында (ВОАД) Changan автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытта жүріп, қауіпті маневрлер жасаған.