Алматы жаңалықтары
Балалар күніне орай Алматыда тегін медициналық тексерулер мен кеңестер өтеді
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматының барлық медициналық мекемелерінде ашық есік күндері өтеді. Кішкентай пациенттер мен олардың ата-аналарына педиатр, стоматолог, травматолог, инфекционист, невропатолог, ЛОР-дәрігер, акушер-гинеколог және басқа да мамандар тегін кеңес береді.