Алматыдағы 50-ден астам коммуналдық субұрқақтың сегізі уақытша тоқтап тұр. Жамбыл Жабаев ескерткішінің жанындағы субұрқақ 10 күн ішінде жөнделіп бітеді.
Алматыдағы Бірінші Президент саябағының жанында Flow Park қоғамдық кеңістігі салынуда. Жобада скейтпарк, памп-трек, жүгіру жолдары және көгалдандыру қарастырылған. Құрылыс 2026 жылдың мамырында аяқталады.
Алматыда мамыр айынан бастап субұрқақтар іске қосылады. Олар 1 қазанға дейін күн сайын жұмыс істейді, ауа райына байланысты реттеледі. Биыл 55 субұрқақ кешенін іске қосу жоспарланып отыр.