Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қалалық питомник жобасын жеделдетуді тапсырды. Қаланың жыл сайынғы отырғызу материалына қажеттілігі 1,4 млн данадан асады, жоба аясында жылына 1 млн көшет өндіретін зертхана құру жоспарлануда.
Алматыдағы Бірінші Президент саябағының жанында Flow Park қоғамдық кеңістігі салынуда. Жобада скейтпарк, памп-трек, жүгіру жолдары және көгалдандыру қарастырылған. Құрылыс 2026 жылдың мамырында аяқталады.
Алматы көктемнің келуімен мүлдем басқа кейіпке енді — көшелер көгеріп, ағаштар бүршік атып, гүлзарлар түрлі-түске боялуда. Қала жанданып, бұл өзгерісті байқамау мүмкін емес.