...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Студенттер шетелде жұмыс істеу үшін кредит алып, алаяқтардың құрбаны болды

Алматыда студенттер шетелде жұмыс істеуге уәде беріп, ақша алған компанияға тап болды. КТК мәліметінше, жұмысқа орналастыру үшін клиенттерден 750 мың теңгеден сұралған. Студенттердің айтуынша, ақшаны алғаннан кейін компания өкілдері байланысқа шықпай қойған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

21 жастағы Иранғайып Қайратов жазда Германияда жеміс-көкөніс жинаушы болып жұмыс істеуді жоспарлаған. Оның ата-анасы кредит рәсімдеп, компанияға 750 мың теңге аударған, алайда сапар өтпей қалған.

Компанияда мәселе шетелдік серіктестердің өз міндеттемелерін орындамауынан туындағанын мәлімдеді. Ұйым өкілдері ақшаны қайтару мәселесін шешуге уәде бергенімен, нақты мерзімін айта алмады.

Студенттер полицияға ұжымдық арыз жазуға ниетті.

Дереккөз: Zakon.kz