...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Сайран көлін құрғату басталды: Алматы әкімдігі себебін түсіндірді

Алматыда Сайран су қоймасын жөндеу жұмыстарына байланысты құрғату процесі басталды. Қазіргі уақытта Төле би көшесінде орналасқан екі гидротехникалық құрылғы (шандор) жарамсыз күйде, сондықтан су қоймасын тиісті деңгейде толтыру мүмкін емес, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасына қарасты «Тау Су Қызмет» ЖШС жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін шлюздерді ашық қалдырып, суды кезең-кезеңмен құрғатуды жоспарлап отыр. Бұл құрылымдарға қол жеткізіп, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Жөндеу жұмыстары 2026 жылғы 1 маусымда басталып, 3 маусымға дейін аяқталады деп жоспарланған. Бұл уақытқа дейін су деңгейі толық төмендеуі тиіс, — деп мәлімдеді әкімдік өкілдері.

Жөндеу аяқталған соң гидротехникалық құрылғылардың қалыпты жұмыс режимі қалпына келтіріліп, Сайран су қоймасындағы су деңгейі белгіленген тәртіппен реттелетін болады. Бұған дейін Алматының Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев биыл Сайран көлінің суға толтырылуы және онда шомылуға болатыны туралы айтқан еді.

Дереккөз: Nur.kz