...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Құрылыс қоқысы арасынан нөмірі өшірілген мылтық табылды

Алматыда құрылыс қоқысы арасынан идентификациялық нөмірлері өшірілген тегіс ұңғылы мылтық табылды. Ол сот сараптамасына жіберілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қылмыстық полиция қызметкерлері Жетісу ауданының полицейлерімен бірге жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде қауіпті олжаны тапты.

Қару мұқият жасырылған — оны қызыл футболка мен құрылыс қабына орап, Жансүгіров көшесінің маңына тастаған, — делінген хабарламада.

Ведомствоның Instagram-парақшасындағы ақпарат бойынша, алынған қару сот сараптамасына жіберілді. Мамандар оның атуға жарамдылығын анықтап, мылтықты сәйкестендіруге және оның қылмыс жасауда қолданылғанын тексеруге тырысады.

Қарумен заңсыз айналысу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, — деп қосты полицияда.

Қазір полицейлер мылтықтың шығу тегін анықтап, оны жасыруға кімнің қатысы барын анықтауда.

Дереккөз: Nur.kz