...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Қазгидромет 18 шілдеде бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

18 шілдеде Алматы қаласында, түнде Астана, Петропавл, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл атмосфералық ауаның жер бетіне жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдарының немесе басқа да ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар ашық ауада болған кезде қажетті дәрі-дәрмектерін өздерімен бірге алып жүруі керек.

Сондай-ақ Қазақстанның бірқатар облысында 18 шілдеге дауылды ескерту жарияланды.

Дереккөз: Zakon.kz