Қазақстан әйелдер гандбол құрамасы Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатында топтық кезеңдегі екінші матчында Үндістан құрамасын 33:27 есебімен жеңді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бұған дейін алаң иелері турнирдің бірінші ойынында Австралияны 37:18 есебімен ойсырата жеңген болатын. 24 қарашада Үндістанды ұтқаннан кейін қазақстандықтар В тобының кестесінде Кореямен қатар төрт ұпаймен көш бастады.
Келесі кездесуде Қазақстан құрамасы ертең Өзбекстанмен кездеседі. Топтық кезеңдегі қалған ойындардың нәтижесіне қарамастан, қазақстандықтар ширек финалға шығуын қамтамасыз етті. Енді қай орынмен плей-оффқа шығатыны белгілі болады.
А тобында Жапония, Иран, Қытай, Гонконг және Таиланд құрамалары сынға түсуде. Алматыдағы континенттік біріншілік 3 желтоқсанға дейін жалғасады. Осы турнирдің үздік төрт құрамасы Венгрияда өтетін 2027 жылғы әлем чемпионатына жолдама алады.
Айта кетейік, өткен демалыс күндері АПЛ-да «Ливерпуль» мен «Манчестер Юнайтед» арасында тарихи қақтығыс өтті.
