Қазақстанда жүргізуші куәлігін ең көп алатын өңірлер анықталды. Топ-5 қатарына Алматы, Шымкент, Түркістан облысы, Астана және Қарағанды облысы енді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
2026 жылғы 16 шілдеде «Азаматтарға арналған үкімет» мекемесі қазақстандықтардың жиі қоятын сұрақтарының біріне жауап берді. Атап айтқанда, бір тұрғын куәлігін жоғалтып алып, қалпына келтіруге өтініш беріп, мемлекеттік баж салығын төлегенін, бірақ кейін құжаты табылғанын айтып, оны әрі қарай пайдалануға болатынын сұраған. Оған берілген жауапты мына жерден оқуға болады.
Жүргізуші куәліктерін беру бойынша көшбасшы өңірлер тізімі:
- Алматы – 75 163;
- Шымкент – 46 086;
- Түркістан облысы – 24 711;
- Астана – 22 601;
- Қарағанды облысы – 19 992.
Дереккөз: Zakon.kz