Қара сарқырама ауданында теңіз деңгейінен шамамен 2650 метр биіктікте үш турист бағдарын жоғалтып, өздігінен түсе алмай қалды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына Алматы қалалық ТЖД Құтқару қызметінің қызметкерлері келді. Құтқарушылар туристерді тез арада тауып, оларды қауіпсіз түрде төменге алып түсті.
Олардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ тауға сапарға шықпас бұрын маршрутты алдын ала ойластырып, ауа райы болжамын ескеріп, қараңғы түскенге дейін қайтуды жоспарлап, толық зарядталған телефон мен шам алып, жақындарына жоспарлары туралы хабарлау қажеттігін еске салды.
Бұған дейін құтқарушылар «Туюқ-Су» альплагерінен жоғары таудан өздігінен түсе алмаған әйелді эвакуациялаған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz