
Алматы әкімдігінің қолдауымен өткен Almaty Superski тыңдауында сөз сөйлеген Мұхтар Тайжан курорттың экономикалық әлеуетіне тоқталды. Оның айтуынша, жобаға салынған инвестиция тез арада өтеледі, , деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
«Инвестиция шамамен миллиард еуроны құраса, бұл жоба 3–5 жыл ішінде өтеледі», — деді спикер.
Тайжан әлеуметтік тиімділікті де атап өтті:
«Мен бұл жобаның Куршевельден қымбатырақ болуын жақтаймын. Сонда мұнда ауқатты туристер келеді, ал бұл — 20 мыңға дейін жұмыс орны».
Ол туризмнен түсетін табыс әлеуметтік бағдарламаларға жұмсалатынын жеткізді:
«Бай туристің есебінен көпбалалы отбасыларға, ардагерлерге және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға дотация бере аламыз».
Сонымен қатар, тау туризмінің дамуы мектеп оқушыларына тегін сабақтар ұйымдастыруға мүмкіндік береді:
«Біздің балалар Австрия немесе Швейцариядағыдай шаңғы тебуді үйрене алады».
Бұл сөздерден кейін залда қатты қол шапалақтау естілді.
Дереккөз: Almaty.tv