...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Мамандар Алматыдағы мошкараның көбею себебін атады

Алматыда мошкара санын азайту үшін көгалдандыру аймақтарын өңдеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған мамандардың айтуынша, жәндіктердің көбею себебін анықтау үшін Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтына сұрау жіберілген. Алдын ала мәліметтер бойынша, мошкара популяциясының артуы жылымық, ылғалдылықтың жоғарылауы, көгалдандыру аймақтарының белсенді өсуі және қаланың арық жүйесінің ерекшеліктерімен байланысты.

Қалада жасыл аймақтарды өңдеу үшін арнайы препараттар қолданылады. Мамандардың дерегінше, олар адамдарға, құстарға және қоршаған ортаға қауіпсіз, — делінген хабарламада.

Дереккөз: Inalmaty.kz