...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Қостанайдан Алматыға келе жатқан 21 жастағы жігіт тірі табылды

Қостанайдан Алматыға келе жатқан 21 жастағы Роман Юрцевич тірі және аман табылды. Оның орнын полиция қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жас жігіттің табылғанын растады. Ведомствоның мәліметінше, Роман Юрцевич Алматыда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында анықталған. Полицияның айтуынша, ол тірі және сау.

Қазіргі уақытта жас жігіттің әкесі Алматыға баласын алуға шыққан.

Құқық қорғау органдары жақындарымен байланысты үзбеудің маңыздылығын еске салып, мұндай жағдайларды болдырмау үшін өз орналасқан жеріңіз туралы уақытылы хабарлау қажеттігін атап өтті.

Дереккөз: Inalmaty.kz