Әйгілі американдық рэпер Канье Уэсттің (Ye) Алматыда концерт беретіні белгілі болды. Бұл туралы оның менеджері Джозеф Карре (Joseph Karre) Instagram-дағы Stories парақшасында жариялады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Постерде рэпердің 14 тамызда сағат 21:00-де Орталық стадионда өнер көрсететіні көрсетілген. Алайда Канье Уэсттің жақындағы концерттері туралы ақпарат жарияланатын сайтта Алматы тізімде жоқ. Қазақстанда жұмыс істейтін концерттік агенттіктер де әзірге бұл туралы хабарламаған.
Американдық кәсіпкер және музыкалық продюсер Джозеф Карре Канье Уэсттің командасымен қызметтес. Ол Instagram-дағы парақшасында Алматыдағы концерт туралы ақпаратты жариялады.
Дереккөз: Nur.kz