...
... Алматы
USD
EUR
RUB

ІІМ: Алматыдағы апаттық оқиға бойынша тергеу екі аптада аяқталады

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған апаттық жол-көлік оқиғасын тергеу барысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

— Қылмыстық іс бойынша барлық сараптамалар дерлік алынды. Алдағы екі аптада тергеудің аяқталғанын жариялауды жоспарлап отырмыз, өйткені қажетті тергеу әрекеттері аяқталып, тергеу соңына жақындады, — деді ол Сенат кулуарында.

Бұған дейін апаттық ЖКО-ға күдікті медициналық мекемеден тергеу изоляторына ауыстырылды.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен (10 жылға дейін бас бостандығынан айыру) қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы апаттан кейін қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары қызметінен босатылды. Сондай-ақ, полиция департаменті басшыларының бірінің жүргізушісіне қатысты әрекетсіздік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Дереккөз: Inform.kz