22 шілдедегі кешкі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 467,61 теңгені құрап, 1,61 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Ұлттық банктің 22 шілдедегі ресми доллар бағамы – 469,59 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбас пункттерінде долларды сатып алу бағамы 468 теңге, ал сату бағамы 469 теңгені құрайды.
Дереккөз: Almaty.tv