
Алматыдағы айырбас пункттерінде американ валютасы 490 теңгеден сатылуда. 17 маусымдағы кешкі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 489.23 теңгені құрап, 2 теңгеге өсті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Ұлттық банктің 17 маусымдағы ресми доллар бағамы 487.17 теңгені құрайды. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы айырбас пункттерінде долларды сатып алу бағамы 488.5 теңге, ал сату бағамы 490 теңге.
Дереккөз: Almaty.tv