Теннисшілер-кәсіпқойлар қауымдастығы (ATP) ресми сайтында жеке және жұп разрядтар бойынша әлемдік рейтингтерді жаңартты, Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жеке разрядта 22-орыннан 19-орынға көтерілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Ол осы мәртебеде өз еліндегі Almaty Open — ATP 250 турнирінде бақ сынайды.
Александр Шевченко да үш сатыға көтеріліп, қазір 108-орында тұр. Алайда ол Almaty Open-ның негізгі торына ілікпеді.
Әлемдік рейтингтің көшбасшысы итальяндық Янник Синнер болып қалды. Жыл соңына дейін ол бірінші орынды неміс Александр Зверевке міндетті түрде бермек. Көшбасшылар үштігін испандық Карлос Алькарас түйіндеп отыр.
Топ-5-ке ресейлік Даниил Медведев қайта оралды. Одан жоғары америкалық Бен Шелтон орналасқан. Серб Новак Джокович төрт сатыға төмендеп, топ-10-нан шығып кетті — қазір ол 12-жолда.
Жұп разрядта финн Харри Хелиоваара мен британдық Генри Паттен көшбасшылықты бөлісіп отыр. Қазақстандықтардың ішіндегі ең үздігі мұнда да Александр Бублик. Ол сегіз сатыға көтеріліп, топ-200-ді түйіндеп отыр.
