
Алматыда Наурызбай ауданындағы бір бөлмелі пәтерде 990 адамның тіркелгені анықталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бас прокуратураның мәліметінше, тексеру барысында заңсыз көші-қон фактісі анықталған. Оны Наурызбай ауданында тұратын пәтер иесі ұйымдастырған. Ол сыйақы үшін бір бөлмелі пәтерге 990 адамды тіркеген, алайда олар іс жүзінде онда тұрмаған.
«Наурызбай ауданы прокуратурасы ҚР ҚК-нің 394-бабы (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша тіркелген қылмыстық іс бойынша сот «резеңке пәтер» иесіне қатысты айыптау үкімін шығарып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады», — делінген хабарламада.
Алматы прокуратурасы қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмау үшін көші-қон заңнамасын сақтау қажеттігін ескертеді.
Дереккөз: Nur.kz