...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Бельгия королі мен королевасы Алматыға келеді: жол қозғалысына өзгерістер енгізіледі

Бельгия королі Филипп пен королева Матильданың Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында олардың Алматыға келуі жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, король мен королева мегаполиске 14 қазанда келеді. Жоғары дәрежелі қонақтардың сапарына байланысты жол қозғалысын ұйымдастыруға уақытша өзгерістер енгізіледі.

«Сапар аясында Қазақстан мен Бельгияның ресми делегацияларының өкілдері, сондай-ақ іскер және академиялық орта өкілдері қатысатын іс-шаралар жоспарланған. Осыған байланысты Алматының кейбір аудандарында көлік қозғалысы уақытша шектелуі мүмкін», — деп ескертті әкімдікте.

Алматы тұрғындары мен қонақтарынан жол жағдайындағы ықтимал өзгерістерді ескеріп, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Айта кетейік, король Филипп пен королева Матильда 12 қазанда мемлекеттік сапармен Астанаға келген болатын.