2026 жылдың тамызынан бастап AJET әуекомпаниясы Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстер санын едәуір арттырады. Астана – Анкара және Алматы – Анкара бағыттары бойынша ұшулар күнделікті орындалатын болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Ведомствода хабарлағандай, тамыз айынан бастап AJET әуекомпаниясы Астана – Анкара және Алматы – Анкара бағыттары бойынша рейстер санын аптасына екіден жетіге дейін арттырады. Осылайша, қалалар арасындағы ұшулар күнделікті болады.
Министрлікте рейстер жиілігінің артуы Қазақстан мен Түркия арасындағы іскерлік, сауда-экономикалық және туристік байланыстарды одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өтті.
Дереккөз: Inalmaty.kz