Астана мен Алматыдағы құрылыс нысандарын тексеру барысында 1,5 мыңға жуық заңбұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алдын ала жиналған деректерді талдау қорытындысы бойынша Қанат Бозымбаев бірқатар факторды атап өтті.
Алматыда 1 584 тексеру жүргізіліп, 970 заңбұзушылық анықталды. Астанада 633 бақылау іс-шарасы өткізіліп, 493 заңбұзушылық тіркелді.
Бұған дейін Министрлік Астананың шеткі аудандарындағы құрылысты шектеу себептерін түсіндірген болатын.
