Алматыда кәмелетке толмағандардың уақытын қалай өткізіп жүргені тексерілді. Полиция мәліметінше, рейд барысында 46 бұзушылық тіркеліп, үш бала балаларды қолдау орталығына жіберілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Тексеру түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүрген жасөспірімдерге қатысты өткізілді.
