17 шілде 2026 жылы күндіз Алматыда және түнде Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі. Тұрғындарға жүріп-тұруды жоспарлау кезінде ауа райы факторларын ескеру ұсынылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қолайсыз метеожағдайлар — бұл атмосфералық ауаның жер бетіне жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ пайда болған кезде елді мекендерде атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін, бұл адам денсаулығына әсер етеді.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі — синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).
Қолайсыз метеожағдайлар кезінде мыналар ұсынылады:
- өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдарға ашық ауада болған кезде қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру қажет;
- ашық ауада дене жүктемесін шектеу. Дене шынықтыру және спортпен жабық спорт кешендерінде айналысу керек.
Бұған дейін Қазақстанның 15 өңірінде 17 шілдеге дауылды ескерту жарияланған болатын.
Дереккөз: Inform.kz