...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы күрт өзгереді: 25-27 мамырға болжам

Қазақстанның үш ірі қаласында — Астана, Алматы және Шымкентте — алдағы үш күнде ауа райы айтарлықтай өзгереді. 25-27 мамыр аралығында жаңбыр, найзағай және жел күшейеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Астана: 25 мамырда ауа температурасы түнде +10+12°C, күндіз +26+28°C болады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 7-12 м/с. Күндіз қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. 26 мамырда түнде +12+14°C, күндіз +26+28°C, жел оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с, қайтадан жаңбыр мен найзағай. 27 мамырда жауын-шашынсыз, түнде +13+15°C, күндіз +28+30°C, жел оңтүстік-шығыс, оңтүстік 9-14 м/с.

Алматы: 25 мамырда түнде +10+12°C, күндіз +23+25°C, жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с, жауын-шашынсыз. 26 мамырда түнде +12+14°C, күндіз +23+25°C, жел шығыстан 3-8 м/с, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай. 27 мамырда түнде +13+15°C, күндіз +24+26°C, жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с, күндіз жаңбыр мен найзағай.

Шымкент: 25 мамырда түнде +13+15°C, күндіз +25+27°C, жел оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай. 26 мамырда түнде +15+17°C, күндіз +26+28°C, жел оңтүстік-батыстан 8-13 м/с, күндіз жаңбыр мен найзағай. 27 мамырда түнде +16+18°C, күндіз +23+25°C, жел оңтүстік-батыстан 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с, жаңбыр, найзағай, күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі.

Бұған дейін Қазақстанның көп бөлігінде дауылды ескерту жарияланған болатын.

Дереккөз: Zakon.kz