Синоптиктер болжамына сәйкес, жексенбі күні Павлодар, Астана, Алматы, Жезқазған, Теміртау, Қарағанды, Балқаш, Талдықорған, Өскемен және Атырау қалаларында атмосферада ластағыш заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) — бұл атмосфералық ауаның жер беті қабатында зиянды (ластағыш) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімі.
Бұған дейін синоптиктер 22 қарашада Қазақстанның басым бөлігін жаңбыр мен қар жауып алатынын хабарлаған болатын.
