...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Астана, Алматы және Шымкентте қазан ортасында ауа райы қандай болады

Қазақстанда 13-15 қазан аралығында жауын-шашын, желдің күшеюі және тұман күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Елдің көптеген өңірлерінде осы күндері ауа температурасының төмендеуі болжанады. Бұл туралы бұған дейін синоптиктер айтқан болатын.

Астанада 14 қазанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз жел секундына 12 метрге дейін күшеюі мүмкін. Түнде ауа температурасы +1+3°С, күндіз +14+16°С болады.

15 қазанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – секундына 5-10 метр. Түнде ауа температурасы -2-4°С, күндіз +7+9°С.

16 қазанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Әлсіз жел соғуы мүмкін. Түнде ауа температурасы -3-5°С, күндіз +10+12°С.

Алматыда 14 қазанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр. Түнде ауа температурасы +8+10°С, күндіз +19+21°С.

15 қазанда ауыспалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады. Күндіз желдің екпіні секундына 13 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы +7+9°С, күндіз +16+18°С.

16 қазанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Әлсіз жел соғуы мүмкін. Түнде ауа температурасы +2+4°С, күндіз +12+14°С.

Шымкентте 14-15 қазанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – секундына 8-13 метр. Түнде ауа температурасы +8+10°С, күндіз +24+26°С.

16 қазанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 13 метрге дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы +8+10°С, күндіз +21+23°С.