Алматы полициясы ер адамдарды интернетте танысу кезінде абай болуға шақырды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қылмыскерлер қыздармен кездесуді ақша бопсалау мен тонау мақсатында пайдалануы мүмкін.
Ведомство ер адамдарды виртуалды танысуларға сақтықпен қарауға және күдікті жағдайларда қырағы болуға үндеді.
