Қазгидромет РМК мамандары Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 50 және 30 жыл бұрынғы ауа райы туралы деректерді жариялады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бұған дейін мамандар ел бойынша 25-27 тамызда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, сондай-ақ ауа температурасының +35°С-қа дейін көтерілетінін болжаған болатын.
Астанада 1976 жылы 23 тамызда түнгі температура +14,3°C-қа дейін төмендеп, күндіз +27,5°C-қа дейін жылыған. 1996 жылы одан да салқын болған: ең төменгі температура +4,3°C, ең жоғары +24°C. Ал 2026 жылы – ең төменгі +17,5°C, ең жоғары +18,2°C.
Алматыда 1976 жылы температура +17,1-ден +31,9°C-қа дейін, 1996 жылы +14,3-тен +26°C-қа дейін, ал 2026 жылы 23 тамызда +20-дан +29,6°C-қа дейін болған.
Шымкентте 50 жыл бұрын температура +19-дан +33,7°C-қа дейін, 30 жыл бұрын +15,2-ден +31°C-қа дейін, ал 2026 жылы +20-дан +33,9°C-қа дейін болған.
