...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Қоғам

Астана, Алматы және Шымкентте 22-24 тамызда ауа райы қандай болады

22-24 тамыз аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы құбылмалы болады: кейбір күндері жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Астанада 22 тамызда айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +9…+11°C, күндіз +24…+26°C. Жел түнде секундына 2-7 метр, күндіз секундына 5-10 метр.

23 тамызда айнымалы бұлттылық, түнде жауын-шашынсыз, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және құйын күтіледі. Түнде ауа температурасы +13…+15°C, күндіз +19…+21°C. Жел секундына 7-12 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

24 тамызда айнымалы бұлттылық, кейде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ және құйын болуы мүмкін. Түнде ауа температурасы +10…+12°C, күндіз +22…+24°C. Жел секундына 9-14 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге дейін.

Алматыда 22 тамызда айнымалы бұлттылық, түнде жауын-шашынсыз, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр және найзағай. Түнде ауа температурасы +18…+20°C, күндіз +28…+30°C. Жел секундына 3-8 метр, күндіз екпіні секундына 11 метрге дейін.

23 тамызда айнымалы бұлттылық, түнде жауын-шашынсыз, күндіз жаңбыр және найзағай. Түнде ауа температурасы +19…+21°C, күндіз +28…+30°C. Жел секундына 3-8 метр.

24 тамызда айнымалы бұлттылық, кейде жаңбыр және найзағай. Түнде ауа температурасы +18…+20°C, күндіз +28…+30°C. Жел секундына 3-8 метр, кейде екпіні секундына 15 метрге дейін.

Шымкентте 22 тамызда айнымалы бұлттылық, түнде жауын-шашынсыз, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр және найзағай. Түнде ауа температурасы +19…+21°C, күндіз +32…+34°C. Жел секундына 8-13 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге дейін.

23 тамызда айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +18…+20°C, күндіз +31…+33°C. Жел секундына 8-13 метр.

24 тамызда айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +20…+22°C, күндіз +32…+34°C. Жел секундына 8-13 метр.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның жеті қаласының тұрғындарын ауаның жоғары ластануы туралы ескерткен болатын.