2026 жылғы 11 шілдеде Астана, Алматы және Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі. Тұрғындарға жол жүруді жоспарлау кезінде ауа райы факторларын ескеру ұсынылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қолайсыз метеожағдайлар — бұл атмосфералық ауаның жер бетіне жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ пайда болған кезде елді мекендерде атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін, бұл адам денсаулығына әсер етеді.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі — синоптикалық жағдайдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.
Қолайсыз метеожағдайлар кезінде ұсынылады:
- өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдарға ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру қажет;
- ашық ауадағы физикалық жүктемені шектеу. Дене шынықтыру және спортпен жабық спорт кешендерінде айналысу керек.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда 11–12 шілдеде экстремалды ыстық пен найзағайды болжаған болатын.
Дереккөз: Inform.kz