...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматының тарихи бөлігіндегі өзгерістер тұрғындардың жоғары бағасын алды

Алмалы ауданында Әйтеке би көшесінде жаңа емхана құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қала әкімі Дархан Сатыбалды әлеуметтік нысан құрылысының барысымен жеке танысты. Мамандардың мәліметінше, нысанның дайындығы қазіргі уақытта 55% құрайды. Құрылысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Ғимаратта терапиялық және педиатриялық бөлімшелер, амбулаториялық хирургия орталығы, диагностикалық қызметтер, күндізгі стационар және оңалту бөлімшесі орналасады. Жұмыс сапары барысында Дархан Сатыбалды тұрғындарды қабылдады. Олар тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңғырту, қоғамдық көлікті дамыту, экология мәселелерімен қызығып, көптеген сұрақ қойды.

«Байқасаңыздар, қала көшелерінде LEZ арнайы белгілері пайда болды. Мен әкімнен осыған толығырақ тоқталуын өтіндім. Бұл белгілер не екен. Анықталғандай, бұл белгілер болашақта, қазір пилоттық режимде жұмыс істеп тұр, ластану деңгейі жоғары, шығарындылары көп көліктерге кедергі жасайды», – деді қала тұрғыны Омар Нұрхайдаров.

«Біздің ауданда әкіміміздің, Алмалы ауданы әкімінің әрекеттерінің арқасында аулалардың абаттандырылуы мен көркейтілуін үнемі көріп отырмыз. Мұның бәрі халықтың игілігі үшін жасалып жатқаны қуантады», – деді алматылық Сәуле Құсайынқызы.

Содан кейін қала әкімі Панфилов көшесінің абаттандырылуымен танысты. Онда мамандар тротуарларды, жарықтандыруды жаңартып, ағаштар мен бұталарды отырғызып, автоматты суару жүйесін орнатып жатыр. Жеке қабылдау кезінде тұрғындар қауіпсіздік мәселелерін де көтерді. Қала басшысы жауапты мамандарға әрбір жағдайды жан-жақты түсініп, оларды бақылауға алуды тапсырды.

«Абаттандыру жұмыстары Панфилов көшесі бойынша Райымбектен Әлімжановқа дейін жүргізілуде. Қазіргі уақытта тротуар плиткасын ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ автоматты суару жүйесі орнатылып, топырақ ауыстырылды. Жұмыстардың 20-25 күн ішінде аяқталуын күтеміз», – деді мердігер компанияның директоры Нұрсұлтан Мұхамеджанов.

Дереккөз: Almaty.tv