...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыдағы жол апаты: Hyundai Accent қарсы жолаққа шығып, «Газельді» аударып тастады

Алматыдағы Құлжа тасжолында болған жол апатында Hyundai Accent қарсы жолаққа шығып, «Газель» көлігін аударып жіберді. Оқиға «Апорт» сауда орталығының қасында, Бұқтарма көшесіне жетпей тіркелді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәлімет бойынша, Hyundai Accent Құлжа тасжолымен оңтүстік бағытта, қалаға қарай жүріп келе жатқан. Ал «Газель» солтүстікке, облысқа қарай бет алған.

Hyundai жүргізушісінің айтуынша, ол бейнебақылау камерасы орнатылған бекеттен өтіп, жылдамдықты асырып алғандай сезінген. Спидометрге қарау үшін басын төмен салған. Басын көтерген кезде қауіпсіздік жастығы соғылып, одан кейін ешнәрсе есінде жоқ.

Тергеу барысында Hyundai қарсы жолаққа шығып, «Газельмен» жанама соқтығысып, оның астына кіріп кеткені анықталды. Соққының күшті болғаны сонша, жүк көлігінің артқы көпірі жұлынып, ол бүйіріне құлаған. Сонымен қатар «Газельдің» газ баллоны жұлынып, шетке ұшып кеткен.

Жол апаты салдарынан үш адам зардап шекті: жеңіл көліктің жүргізушісі және оның екі жолаушысы. Жолаушылар ауруханаға жатқызылды, ал жүргізушіні дәрігерлер оқиға орнында қарады. Соққы негізінен оның жағына келгеніне қарамастан, ауыр жарақат алмағандықтан, госпитализациядан бас тартты.

«Газель» жүргізушісі зардап шеккен жоқ. Ол үйіне бірнеше метр ғана жетпей қалғанын айтты. Көлікті жанынан өтіп бара жатқан трактор көмегімен тік тұрғызды.

Жол апаты салдарынан Құлжа тасжолында екі бағытта да үлкен кептеліс пайда болды. Айта кетейік, 15 мамыр күні кешке Алматыдағы Абай даңғылында Volkswagen Touareg және Daewoo Damas көліктерінің қатысуымен тағы бір ауыр жол апаты болды.

Дереккөз: Zakon.kz