...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыдағы субұрқақтардың суы неге көгерді: әкімдік жауап берді

Алматы тұрғындары субұрқақтардағы судың көк түске боялғанына алаңдап, әлеуметтік желіде бейнежариялады. Бейнежазбада Атакенттегі жұмыс істемей тұрған субұрқақтың суына көк бояу құйылғаны, бұл құстарға қауіпті болуы мүмкін екені айтылған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бостандық ауданының әкімдігі мәселеге түсінік берді. Ресми жауапқа сәйкес, қалада субұрқақтарды санитарлық және техникалық жағдайға келтіру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

— Жұмыс аясында субұрқақ тостағандары тазаланып, жабдықтар реттеліп, судың гүлденуіне жол бермеу және санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы реагенттермен өңдеу жүргізіледі, — делінген әкімдік жауабында.

Әкімдік мыс купоросы негізіндегі қолданылатын заттардың рұқсат етілген концентрацияда екенін және белгіленген нормаларға сәйкес келетінін атап өтті. Барлық жұмыс қалыпты режимде, талаптарға сай жүргізіліп, салалық қызметтердің бақылауында екені хабарланды.

Бұған дейін Алматыда мамыр айының басынан бастап қалалық субұрқақ кешендері кезең-кезеңмен іске қосылатыны мәлім болған. Субұрқақтар күн сайын таңғы 08:00-ден кешкі 23:00-ге дейін, мамыр басынан 1 қазанға дейін жұмыс істейді.

Дереккөз: Inform.kz