Алматы тауларындағы «Қыз көз жасы» сарқырамасы маңында түсу кезінде аяғы жарақаттанған әйелге құтқарушылар көмек көрсетті. Зардап шеккенді эвакуациялап, дәрігерлерге тапсырды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі ҚР ТЖМ-не сілтеме жасап.
ТЖМ дерегінше, түсу кезінде турист аяғынан жарақат алып, әрі қарай жолын өз бетімен жалғастыра алмаған. Оқиға орнына келген құтқарушылар зардап шеккенге жедел көмек көрсеткен. Олар зақымдалған аяқ-қолды медициналық шинамен бекітіп, әйелді эко-бекетке қауіпсіз түсіруді ұйымдастырған.
Ол жерде оны Апаттар медицинасы орталығының бригадасы күтіп тұрып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. «Оң аяқтың жабық сынуы» алдын ала диагнозымен зардап шеккенді одан әрі тексеру және емдеу үшін Алматыдағы ауруханалардың біріне жеткізді.
ТЖМ таулы жерге барған кезде қауіпсіздік шараларын сақтау, дайындық деңгейіне қарай бағыттарды таңдау және тиісті жабдықты пайдалану қажеттігін еске салды.
Дереккөз: Inalmaty.kz