Алматы облысының Қарасай ауданында, Сатпаев шыңы маңында 4317 метр биіктікте қиын жағдайға тап болған екі жас туристке Алматы қаласының мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары көмек көрсетті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Құтқарушылар 2006 жылы туған екі жасқа қажетті көмек көрсетіп, оларды аман-есен төменге шығарды.
Анықталғандай, жас адамдар таңертең тауға шыққан, алайда түсу кезінде жолды өз бетінше жалғастыра алмаған.
Медициналық көмекке жас туристер мұқтаж болған жоқ. Олар үйлеріне өз бетінше қайтты.
